Аудан мақтанышы
Тәуелсіздігіміздің айбынды қорғаны және сенімді тірегі, ҚР Қарулы Күштерінің соның ішінде Ұлттық Ұланның Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, бүгінде ауданымыздың мақтанышы бола білген Абаев Дулат Алтынбекұлын бүгінгі таңның батыры десек те көңілге қонымды.
Жас сарбазымыз, 2022 жылы күзгі әскери шақыру науқанында Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен әскерге шақырылып, азаматтық борышын абыроймен атқарып қана қоймай зор жетістіктерге қол жеткізіп, туған өлкесіне оралды.
Ол өзінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлесін қоса отырып, ата – ана үмітін ақтады. Әскердегі саптық даярлық, оқу – жаттығу кезінде асқан табандылығы мен жауынгерлік шеберлігінің арқасында «Қ.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетіне» ұсынымға ие болып келді. Көпке үлгі болар жерлесіміздің ата – анасына алғысымызды білдіреміз!
Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.