Ақпараттық портал

“Бақытты отбасы – бақытты ел” акциясы өтуде

2025 жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында аудан аумағында “Бақытты отбасы – бақытты ел” атты ауқымды акция өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдағы отбасылық ахуалды жақсартуға ықпал ету.
Іс-шара барысында жүргізілетін жұмыстар:
Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңес беру;
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары;
Ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған кездесулер мен тренингтер өткізу;
Мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, нақты көмек көрсету.
Акцияға барлық тұрғындар белсенді түрде қатыса алады. Мамандар тарапынан көрсетілетін тегін кеңес беру, қолдау көрсету шаралары – бұл бастаманың басты міндеті.
“Бақытты отбасы – бақытты ел” ұраны аясында ұйымдастырылып жатқан бұл акцияға барша аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз!
Жансая Садық,
Шу АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКт-ның аға
инспекторы, полиция капитаны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.