Қызметтік этика – керек құндылық
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
2026 жылғы сәуірде Жамбыл облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының №10-ЖҚ бұйрығына сәйкес Департамент басшысының орынбасары, осы жолдардың авторына Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері жүктелді.
Жамбыл облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен тұрақты семинарлар өткізіледі. Биыл мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салу басты қадамдардың бірі болды. Департаментте қызметкерлер үшін профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады, сондай-ақ халықты осы жаңа талаптар туралы хабардар етуге бағытталған мақалалар жарияланады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарын көрсету мақсатында қызметкерлер арасында семинар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту үшін БАҚ-та Жарияланымдар және мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері туралы телевизиялық сюжеттер өткізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш кірген немесе ол тоқтатылғаннан кейін оралған азаматтар үшін оқыту ұйымдастырылады. Бұл тренингтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты талаптар түсіндіріледі.
Қызметтік әдепті бұзу туралы ақпараты бар азаматтар 8 (7262) 45-66-28 телефоны бойынша хабарласа алады. Жеке қабылдау әр жұма сайын сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін, 8 (7262) 45-83-84 нөмірі бойынша қабылдауға жазылу жүргізіледі. Бұл шаралар қоғамның сеніміне лайық ашық және жауапты мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған.
А.Байкуанышов,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі.