Ақпараттық портал

Кәсіподақ пен кітапханашылар ынтымақтастығы

Кітапхана – рухани қазынаның ордасы, ал кітапханашы – оқырманды білім мен мәдениетке жетелейтін маңызды маман. Кітапханашылардың еңбегін қолдау, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және еңбек құқықтарын қорғау – ұжымның басты міндеттерінің бірі.
Осы бағытта бастауыш кәсіподақ комитетінің атқаратын рөлі ерекше. Кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерін шешуге және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Кітапханашылар мен кәсіподақ комитетінің бірлескен жұмысы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа негізделеді. Түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар, кәсіби кездесулер, мерекелік шаралар мен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, қызметкерлердің белсенділігі артып келеді.
«Бірлік бар жерде – береке бар» демекші, ұйым мүшелерінің ауызбіршілігі мен өзара қолдауы ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастырады. Әр қызметкердің пікіріне құлақ асып, мәселесін бірге шешу – кәсіподақ жұмысының маңызды бағыты.
Кітапханашылардың еңбегі – ұрпаққа рухани мұра қалдыруға бағытталған үлкен жауапкершілік. Сондықтан олардың еңбегін бағалау, кәсіби жетістіктерін қолдау және әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу – баршамызға ортақ міндет.
Алдағы уақытта да бастауыш кәсіподақ комитеті мен кітапханашылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жұмыстарды жалғастыру маңызды. Себебі ұйымшыл әрі тату ұжым ғана сапалы нәтижеге қол жеткізе алады.
Бірлік пен ынтымақ – берекелі еңбектің негізі!
Г.Бердібаева,
аудандық орталық кітапхананың библиографы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.