Ақпараттық портал

АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ

№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Олжабаев Айдос Мұхатайұлы

0

№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Олжабаев Айдос Мұхатайұлы ауыл жолдарын жөндеу, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік және спорт нысандарын дамыту, суару жүйелерінің құрылысын бақылау және тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Өмірбаяны және еңбек жолы

Олжабаев Айдос Мұхатайұлы 1974 жылғы 17 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округінің Белбасар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл шаруашылығы саласында бастаған. Осы уақыттан бері аталған салада еңбек етіп келеді.

2003–2018 жылдары «Айбол» шаруа қожалығын басқарған. 2018 жылдан бастап «Белбасар-2025» ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы, төрт баланың әкесі.

Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек тәжірибесі кандидаттың сайлауалды бағдарламасында елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға, ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін ескеруге және әлеуметтік мәселелерді көтеруге назар аударуынан көрініс тапқан.

Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары

Айдос Олжабаевтың алдағы бес жылға арналған бағдарламасында ауыл инфрақұрылымын жақсарту, спорт пен мәдениетті дамыту, жастарды қолдау және тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету бағыттары қамтылған.

Жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру

Кандидат Белбасар және Еңбекші ауылдарындағы көшелердің жол жабындысын орташа жөндеуден өткізуге ықпал етуді көздейді. Сонымен қатар аталған елді мекендерде көше жарығын орнатуға қажетті қаражаттың бөлінуі мәселесін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру жоспарланған.

Спорт және мәдениет нысандарын дамыту

Бағдарламада Еңбекші ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеуден өткізу, Тасөткел су қоймасы ауылында балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңын салу көзделген. Сондай-ақ Жаңажол ауылында мәдениет үйінің құрылысына қажетті қаржы бөлінуіне ықпал ету ұсынылған.

Канал құрылысын бақылау

Ескі Шу және Жаңажол ауылдық округтерінде жүргізіліп жатқан канал құрылыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуына назар аудару жоспарланған. Кандидат бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауға атсалысуды көздейді.

Жастарды қолдау және жұмыспен қамту

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт секциялары мен үйірмелердің ашылуына ықпал ету, турнирлер мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленген. Сонымен қатар жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бағдарламаларына тарту мәселелері қарастырылған.

Әлеуметтік қорғау және құқықтық көмек

Көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар азаматтар мен зейнеткерлердің мемлекеттік қолдау шараларын уақытылы алуына ықпал ету көзделген. Тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беру және олардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдемдесу де бағдарламаға енгізілген.

Тазалық және абаттандыру

Ауыл көшелерінің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрмыстық қалдықтарды шығару жүйесін реттеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына атсалысу міндеттері қамтылған.

Тұрғындар мүддесі – басты назарда

Айдос Олжабаевтың сайлауалды бағдарламасында ауылдардың инфрақұрылымын дамыту мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту негізгі міндеттер ретінде қарастырылған.

Кандидат депутат болып сайланған жағдайда, тұрғындардың ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеріп, ауылдардағы жол, әлеуметтік нысандар және коммуналдық мәселелердің шешілуіне ықпал етуді жоспарлап отыр.

Бағдарламаның негізгі ұстанымы – тұрғындардың пікірін ескеру, көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылау және ауылдардың әлеуметтік дамуына атсалысу.

 

Дайындаған: “Шу аудандық баспасы” ЖШС

Тапсырыс беруші: Олжабаев Айдос

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.