ХАЛЫҚ ҮНІ – БАСЫМ БАҒЫТ
«Әділет» партиясынан Шу аудандық мәслихатының депутаттығына №6 сайлау округі бойынша кандидат Әлиев Умар Тайфурович Д.Қонаев ауылында «Есіктен – есікке» акциясы аясында сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында кандидат ауыл тұрғындарына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттар жөнінде баяндады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңдегі даму мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
Тікелей жүздесу барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Кандидат әрбір ұсынысқа назар аударып, көтерілген мәселелердің шешу жолдары жөнінде тұрғындармен ашық әңгіме өрбітті.
«Есіктен – есікке» акциясының негізгі мақсаты – сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, халықтың талап-тілегін тыңдау және елді мекендердегі өзекті мәселелерді зерделеу. Өйткені ауылдың дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту ең алдымен халықтың сұранысы мен ұсыныстарын ескеруден басталады.

Әлиев Умар Тайфурович әрбір тұрғынның пікірі ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, халықпен тұрақты байланыс орнату, азаматтардың өтініштеріне құлақ асу және көтерілген мәселелерді назарда ұстау – алдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі.
Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог қалыптастырып қана қоймай, ауылдың болашағына қатысты ортақ көзқарас пен нақты бастамаларды талқылауға мүмкіндік береді.
Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС
Тапсырыс беруші: Әлиев Умар Тайфурович
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.