Ақпараттық портал

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы

Аудан әкімі Б.Жәнібековтың Өңірлік
коммуникациялар қызметіндегі баспасөз
конференциясында сөйлеген сөзі

Құрметті брифингке қатысушылар!
2023 жылдың 3 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 5,3 млрд теңге, НКИ 103,6 пайыз;
Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі – 3,2 млрд теңге, НКИ 102 пайыз;
Инвестиция көлемі -12,250,0 млрд теңге, НКИ 458,2 пайыз;
Құрылыс жұмыстары – 7,0 млрд теңге, НКИ 225,5 пайыз;
Тұрғын үй көлемі – 7284 шм, НКИ 124,1 пайыз;
Сауда айналымы – 5,1 млрд теңге, НКИ 123,4 пайыз.

БЮДЖЕТ. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында республикалық бюджет кірістері 331,1 млн теңге немесе 158,2 пайызға орындалып, 121,8 млн теңге артық түсті.
Облыстық бюджет кірістері 751,4 млн теңге немесе 162,1 пайызға орындалып, 287,8 млн теңге артық түсті.
Аудандық бюджет кірістері 2,2 млрд теңге немесе 131,8 пайызға орындалып, 523,2 млн теңге артық түсті.
Жергілікті аудан бюджеті кірістері 1,2 млрд теңге немесе 152,1 пайызға орындалып, 425,9 млн теңге артық түсті.
Трансферттер 929,6 млн теңге немесе 111,7 пайызға орындалып, 97,3 млн теңге артық түсті.
Шығыстар бойынша 1,6 млдр теңге немесе 99,9 пайызды құрады.

ӨНЕРКӘСІП. Өнеркәсіп саласы бағытында 2022 жылы 23 жоба (құны 1,9 млрд.теңге) толықтай іске асырылды.
– өңдеу өнеркәсібі бойынша 8 жоба, құны 35,0 млн теңге;
– тамақ өнеркәсібі өндірісі бойынша 1 жоба, құны 15,0 млн теңге;
– қызмет көрсету бойынша 14 жоба, құны 1821,0 млн теңге.

2023 жылы құны 2,9 млрд теңге болатын 29 жоба іске асатын болады.
– өңдеу өнеркәсібі бойынша 6 жоба, құны 48,0 млн теңге;
(Жиһаз дайындау цехы-2, ағаштан ыдыс жасау-1, құмблогы цехы-1, латок өндіру цехы-1, тігін цехы-1).
– тамақ өнеркәсібі өндірісі бойынша 6 жоба, құны 60,7 млн теңге;
(асхана-2, наубайхана-4).
– қызмет көрсету бойынша 7 жоба, құны 2,8 млрд теңге;
(ойын сауық орталығы-2, сауда-саттық орталығы-1, дүкен-6, қонақ үй-1,ТЖО-3, жеке балабақша-1, көлік жуу-1, дәріхана-1, тіс емдеу орны -1).

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Ауыл шаруашылығы бағытында 2022 жылы 22 жоба (құны 986,2 млн.тг.) толықтай іске асырылып, 48 жұмыс орны ашылса, оның ішінде:
– жаңбырлатып суару технологиясын орнату – 1 жоба, құны 250 млн.теңге;
– жылыжай – 3 жоба, құны 7,7 млн.теңге;
– сүт өңдеу цехы – 1 жоба, құны 90 млн.теңге;
– мал бордақылау – 4 жоба, құны 117 млн.теңге;
– көшетхана – 11 жоба, құны 50,5 млн.теңге;
– балық шаруашылығы – 1 жоба, құны 150 млн.теңге;
– құрама жем зауыты – 1 жоба, құны 321 млн.теңге.
2023 жылы құны 572,0 млн теңге болатын 47 жоба іске асатын болады.
– жаңбырлатып суару технологиясын орнату – 1 жоба, құны 250 млн. теңге;
– жылыжай – 3 жоба, құны 7,7 млн.теңге;
– сүт өңдеу цехы – 1 жоба, құны 90 млн.теңге;
– мал бордақылау – 4 жоба, құны 117 млн.теңге;
– көшетхана – 11 жоба, құны 50,5 млн.теңге;
– балық шаруашылығы – 1 жоба, құны 150 млн.теңге;
– құрама жем зауыты – 1 жоба, құны 321 млн.теңге.
Ағымдағы жылы 132,8 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1542 га ұлғайтылды (2022ж -131,258 мың га).
2023 жылы барлығы 10 568 гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді. Оның ішінде 8530 гектар тамшылатып суару, 1970 гектар жаңбырлатып суару, 68 гектар сплинкерлік суару. Былтырғы жылмен салыстырғанда 478 гектарға ұлғайды.
2019 жылы «Ауыл аманаты» жобасы Жаңақоғам ауылдық округінде іске асырылған. Бүгінгі күнге Бірлікүстем ауылдық округінде қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ағымдағы жылы Қорағаты, Жаңа жол, Көкқайнар ауылдық округтері аталған жобаға қосылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындары несие алуға «Тараз» ӘКК-ге құжаттарын өткізуде.

ЖАЙЫЛЫМ. Жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 93,8 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталды. Мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Елді мекеннің жайылым жерлерін ұлғайту бойынша аудандық босалқы жер қорынан қосымша 83,3 мың гектар жайылымдық жер учаскелері ауылдық округтерге бекітіліп берілді (2022 жылы).
2023 жылы жоспарға сәйкес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары 22 000 гектар.
2023 жылдың басынан бастап жалпы мемлекет меншігіне 9 000 гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 1878,09 гектар егістік, 7 122,86 гектар жайылымдық.
Одан бөлек, аудандық «Smart Аgro Karkara» ЖШС-не тиесілі жалпы көлемі 6 400 гектар (2 465 гектар тәлімі егістік, 136,2 гектар суармалы егістік, 3798,22 гектар жайылымдық) пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекеттік жер қорына қайтару бойынша аудан әкімдігі тарапынан сотқа талап-арыз берілуде.
Жыл басынан бері игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 21 шаруа қожалығының 49 446 гектар жайылымдық жері анықталды, яғни мал басы саны тіркелмеген. Оның ішінде 5 ірі шаруа қожалықтарының жері 38 906 гектар, қалғаны 16 шағын шаруа қожалықтарына тиесілі 10 539 гектар. Жер телімдерін игермеген шаруа қожалықтары бойынша ҚР заңнамаларына сәйкес шара қолдану үшін облыстық жер инспекциясымен бірлесіп жұмыс атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

КАНАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ. Жалпы ауданда 94 канал бар. Оның ішінде ПУИД-2-мен 16 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде (103,9 км), 5 863 га суармалы алқабы бар. («Туннель Садд Ариана» компаниясы 2022 жылғы 4 ақпаннан жұмыстарына кірісті).
Балуан Шолақ, Дулат және Қонаев а/о тұрғындарымен жиын өткізіліп, мердігер тиісті міндеттемелерін орындауда, жыл соңына дейін толық аяқталатын болады.
Аудан аумағындағы 35 канал теңгерімге алынып, ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Далақайнар ауылындағы 4 каналға (Р-1, Р-2, Р-3, Р-4) 2023 жылы 67,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды. Далақайнар ауылындағы 4 канал ауыл әкімдігінің теңгеріміне өткізілді. Қалған 31 каналды «КазСушар» мекемесінің теңгеріміне өткізу туралы қаулы шықты.
2023 жылы Шу ауданындағы 38 каналды теңгерімге алу үшін құжаттар дайындалуда және 38 каналға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуіміз қажет. (Қалған 5 канал жөндеуді қажет етпейді: ТМК, оң жағалау, сол жағалау, Жайсан, Луговой каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген). Нәтижесінде, 2026 жылдың соңына дейін барлық каналдарды жөндеуден өткіземіз деген жоспарымыз бар.

ЖЕР КЕЗЕГІ. Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер кезегінде тұрған азаматтардың саны 9739 адам құрайды (Шу қаласы 7643 адам, Төле би ауылы 1621 адам, Алға ауылы 475 адам).
Мәселені шешу мақсатында 2016 жылы Шу қаласы, «Оңтүстік-батыс» тұрғын аумағынан 258 га, Төле би ауылы, «Батыс» тұрғын аумағынан 147 га және Алға ауылы, «Оңтүстік» тұрғын аумағынан 25 га жер телімдерінің су, газ, жолға төселетін қиыршық тас жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, кезең-кезеңмен іске асырылуда.
Бүгінгі күнге Шу қаласындағы 258,7 га инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 435,8 млн электрмен жабдықтау (2019 ж), 611,9 млн. көше жолдары (2020-2021 жж), 868,2 млн сумен жабдықтау (2022 ж) және 452,6 млн. газбен жабдықтау жұмыстары (2022 ж) жүргізілді (жалпы 2 млрд 368,9 млн).
Төле би ауылындағы 147,73 га инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 464,1 млн электрмен жабдықтау (2020 ж), 598,9 млн сумен жабдықтау (2021 ж) және 278,2 млн. газбен жабдықтау жұмыстары (2022 ж) жүргізілді (жалпы 1 млрд 341,3 млн). Көше жолдарына 886 млн. облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Алға ауылындағы 25 га инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 221,2 млн электрмен жабдықтау (2019-2020 ж) және 87,6 млн сумен жабдықтау (2020 ж) жұмыстары жүргізілді. Газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде, құны 130 млн. Көше жолдарын жабдықтау ЖСҚ-на түзету жұмыстары жүргізілуде, құны 270,8 млн.
Бүгінгі күнге кезекте тұрған 1216 азаматқа жер телімі берілді (Шу-352, Төле би-654, Алға-210).

ТҰРҒЫН ҮЙ. Тұрғын үй кезегіне 981 адам тіркелген.
2020 жылы 5 қабатты 80 пәтерлік 3 үйдің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге мерзімі өтуіне байланысты ЖСҚ-ға қайта түзету енгізіледі («Жетісу» ықшам ауданынан, 2,8 млрд.). Аталған жоба қолдау тапса, 240 азамат тұрғын үймен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, Шу қаласы, әскери қалашықта күрделі жөндеуді қажет ететін 75 пәтерлі 4 үй бар, 300 пәтер. Қазіргі уақытта аталған тұрғын үйді жөндеуден өткізіп, пайдалануға берудің жолдары қарастырылуда. Аталған мәселелер шешімін тапса, 540 адамға азаяды.
Жалпы ауданда 142 көппәтерлі үй бар. Осы үйлерге зерделеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама арқылы көппәтерлі 34-үй (2012-2021 жыл аралығында) жөндеуден өткен.
Ағымдағы жылдың сәуір айындағы облыстық бюджетті нақтылау барысында 167,0 млн.бөлініп, Шу қаласы бойынша жөндеу жұмыстарын қажет ететін тағы да 9 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. (Абылайхан №14, 27,6 млн.; Абылайхан №7/3, 15,3 млн.; Сәтбаев №203, 8,2 млн.; Абылайхан №9, 19,1 млн.; Абылайхан №14, 20,7млн.; Сейфуллин №1, 23,2 млн.; Сейфуллин №1/А, 19,1 млн.; Сейфуллин №2, 23,0 млн.; Сейфуллин №3, 10,9 млн).
Сонымен қатар, Шу қаласы мен Төле би ауылындағы 24 тұрғын үй бойынша «Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы» аясында ағымдағы жөндеу жүргізуге Энергетика басқармасына өтінім жолданды.
Асарлатып үй салу жобасымен 2020 жылдан бастап 19 тұрғын үй табысталды. Ағымдағы жылға «Асар» жобасы аясында 9 үйді беру жоспарланып отыр.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен биылға 30 маманды үймен қамту жоспарда.

АУЫЗ СУ. Аудандағы 35-9 е/м ауыз сумен қамтылмай отыр. Ауданда 35 елді мекеннің 26-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 22 елді мекенде орталықтандырылған ауыз су жүйелері жүргізілген (Шу қаласы, Төле би, Абай, Ақсу, Оразалы батыр, Алға, Бірлікүстем, Б.Шолақ, Белбасар, Жаңажол, Бәйдібек, Тасөткел, Бірлік, Далақайнар, Қонаев, Мойынқұм, Шоқпар ауылдары, Шоқпар ст, Аспара, Құмөзек, Жиделі, Еспе бекеттері). 4 елді мекен ауыз сумен жартылай қамтылған, яғни тұрғындар ауыз суды көше бойындағы колонкадан тасымалдап тұтынады. (Көктөбе, Сауытбек, Жайсан, Ақтөбе).
Аудан көлемінде ауыз сумен қамтылған елді мекендердің қамтылу деңгейі 74,3 пайызды құрап отыр. 9 елді мекен (Еңбекші, Тасөткел су қоймасы, Бөлтірік, Көкқайнар, Жиенбет, Еңбек, Алайғыр, Құлақшын, Көкжиек) ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Бүгінгі күнге Алайғыр, Құлақшын, Көкжиек елді мекендеріне 78 млн теңгеге облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып (модульды блок) мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үлесін арттыру мақсатында 2022 жылы 6 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталған. (Көктөбе, Ақтөбе, Еңбекші, Сауытбек, Көкқайнар және Шу қаласының «Қант зауыты» м.а.). Нысандар өтпелі болуына байланысты 2023 жылдың қазан айында жұмыстар толығымен аяқталады.
2023 жылы Төле би ауылының сол жақ бетін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 583 млн теңге республикалық бюджеттен қаражат қарастырылып, мердігер («УниверсалСтройСервис» ЖШС) анықталды.
(Техникалық қадағалаушы мердігер анықталған. Алайда Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне техникалық қадағалаушыға шағым жасалған) Сонымен қатар, 2023 жылы аудандық бюджеттен Бөлтірік, Шоқпар ауылдары және Шу қаласындағы Жайсан, Горгаз, Жанкулиев массивтерін сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге 25 млн теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы 4 елді мекенді (Еңбек, Жиенбет, Жайсан ауылы және Тасөткел су қоймасы) ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ дайындалып, республикалық бюджетке бюджеттік өтінімдер берілді. Нәтижесінде 2025 жылдың соңына 100 пайыз елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамту жоспарланған.

ГАЗ МӘСЕЛЕСІ. Шу ауданындағы 35 елді мекеннің ішінде табиғи газбен қамтылғаны 21 (60 пайыз) немесе 77,8 мың адам (75,2 пайыз).
Бүгінгі күні табиғи газбен қамту үшін 2 ауқымды жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, 18 елді мекенге дейінгі жеткізуші газ құбырының құрылыс құны 5 837,6 млн. теңге (соның ішінде 7-і газбен қамтылған, 4-іне газ құбыры тартылған).
Анықтама: қамтылған 7 елді мекен – Жайсан, Тасөткел су қоймасы, Абай, Оразалы батыр, Ақсу, Аспара, Тасөткел.
Құбыры тартылған 4 елді мекен – Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе.
Қалған 7 елді мекен – Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Балуан Шолақ, Далақайнар, Шоқпар, Шоқпар станциясы.
Жалпы жоспарланған 209,3 шақырым жеткізуші газ құбырының 115-і (55%) іске асырылған. Мердігері «StroyGazCompany» ЖШС.
Жоба бойынша қарастырылған материалдар мен қондырғылар едәуір қымбаттауына байланысты бүгінгі күні жоба түзетуден өтуде.
Қалған 6 ауылды газдандыру экономикалық жағынан тиімсіз, қосылу нүктесінен алшақ және халық саны аз. Олар – Көкжиек (200), рзд.Құмөзек (116), ст. Еспе (278), Алайғыр (159), Құлақшын (192), Жиделі (134).

Көкқайнар ауылы. 2014-2016 жылдар аралығында халық қаржысы есебінен ауылішілік газ таратушы құбыры тартылған. Мердігері «Аққар-2009» ЖШС.
Газ кіргізу құны 2014 жылы 320 мың теңге, бүгінгі күні 650 мың теңге.
Бүгінгі күні Көкқайнар ауылындағы 285 ауланың 256-ы (90%) табиғи газ тұтынуда.

ШУ ҚАЛАСЫ. 2014 жылдан бастап «ПГС Регион» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Шу қаласы ішінде газ таратушы құбыр тартылған. Мердігері «Брик» ЖШС. Газ кіргізу құны – 330 мың теңге.
Бүгінгі күні Шу қаласындағы 9 406 ауланың 6 174-і (65,6%) табиғи газ тұтынуда.
Сондай-ақ ауданда жалпы 14 әлеуметтік нысанды табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Оның 12-і білім нысандары (мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған), 1-і көппәтерлі тұрғын үй (75 пәтер) және СПТУ-24 жатақханасы. Жалпы қаражат көлемі – 831,5 млн теңгені құрайды.
Жолдар
Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 844,82 шақырымды құрайды.
Республикалық маңызы бар 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым.
Облыстық маңызы бар 3 жолдың ұзындығы 112,1 шақырым.
Аудандық маңызы бар 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырым.
Ішкі көше жолдары 543 шақырым.
Аудан бойынша 2023 жылға көше жолдары бойынша 42 жоба жоспарланған.
Бүгінгі күнге Шу қаласында ұзындығы 204,2 шқ құрайтын барлығы 313 көше бар болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны 181 көше немесе 57,8%.
Биылғы жылға қаланың жолын жөндеуге 428,0 млн теңге қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 млн теңгеге артық. Бөлінген қаражаттың нәтижесінде ұзындығы 19,7 шқ болатын 21 көше жөнделетін болады. (Аудандық бюджеттен 218,1 млн., облыстық бюджеттен 209,8 млн. қаржы бөлінді).
Ауылдық округ тарапынан 5 жоба жоспарланған, жоба құны 172,427 млн теңге.
Сондай-ақ, аудандық маңызы бар Жаңажол ауылына кіре беріс 6,9 шқ жолға 310,3 млн теңге қаражат қарастырылып отыр.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылы көше жолдары бойынша жоспарланған 15 жоба, жалпы ұзындығы 25,56 шқ, жоба құны 803,8 млн теңге.

БІЛІМ. Ауданда 114 білім мекемесі бар. (47 мектеп, 55 балабақша (оның ішінде мемлекеттік 23, жеке мекшік 16), 4 коледж, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет).
2022 жылдың желтоқсан айында 2023 жылға өтпелі 5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,0 млн.теңге қарастырылып, ЖСҚ-сы дайындалуда. Бүгінгі күнге сәулет бюросымен келістіру және мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде (Шу қ. Макаренко о.м. 574,4 млн, Абай а. Абай о.м.368,6 млн, Көкқайнар а. Естемесов о.м. 423,8 млн, Мойынқұм а.Мойынқұм о.м. 665,7 млн, Тасөткел а. Ш.Мұртаза о.м.420,3 млн).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2021 жылы бастау алған Төле би ауылындағы 300 орындық Әл-Фараби атындағы мектептің құрылысын аяқтап, тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда (771,2 млн.).
2024 жылы 6 жаңа мектеп, 2 жапсарлас құрылыс, 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады.
Жаңа құрылыстар: Жиенбетте 100 орындық мектеп, Жайсанда 120 орындық мектеп, Көктөбеде 120 орындық мектеп, Шу қаласында А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы орнына 300 орындық мектеп, Шу қаласында 600 орындық 2 жайлы мектеп.
Жапсарлас құрылыс: Шу қаласы, Ғ.Мұратбаев мектебіне спорт зал, акт зал, асхана және Төле би ауылындағы С.Шәкіров мектебіне жапсарлас мектепке қосымша спорт зал салу.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. Денсаулық саласында 32 медициналық ұйым бар (2 аурухана, 2 амбулаториялық-емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік акушерлік пункт, 7 медициналық пункт, 1 стамотология).
2022 жылы Еңбек ауылында 5 келушіге арналған медициналық нысан пайдалануға берілсе, Оразалы батыр ауылында фельдшерлік акушерлік пункт күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Шу қалалық емханасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді (481,9 млн).
Медициналық нысандарға қажеттілік бойынша 3 жоба.
Төле би ауылындағы 48 орындық балаларды оңалту ортылығының құрылысы тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілсе, 2023 жылға Жиделі стансасындағы медициналық нысанның ЖСҚ-сы әзірленіп, 2024 жылы 150,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Аспара стансасында 5 келушіге арналған медициналық нысанның ЖСҚ-сын 2024 жылы әзірлеп, 2025 жылға 150,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Нәтижесінде медицина саласындағы қажеттілік толық шешімін табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.