Ақпараттық портал

Референдум: әзірлік барысы пысықталды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен республикалық референдумды өткізу тағайындалуына байланысты Шу аудандық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні учаскелік референдум комиссиялары төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларына «Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысын аудандық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Ошанов ашып, «Республикалық референдум өткiзудiң принциптерi» тақырыбында баяндама жасап, қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер бойынша түсініктемелер берді. Комиссия төрағасының орынбасары Б.Стыбаев референдумды әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларымен, хатшы С.Снабеков құжаттармен жұмыс барысын, комиссия мүшесі Н.Молдакулова мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беру орындарының қолжетімділігі, А.Шошимов есептен шығару куәліктерін беру тәртібімен таныстырды. Референдумды қаржыландыру мәселесі бойынша комиссия мүшесі Қ.Мұхаметжанов толық мағлұмат берді.
Одан бөлек, Азамат Серікұлы учаскелік референдум комиссияларының дауыс беру орнын жабдықтау бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Бүгінгі күнге облыстық референдум комиссиясының бастамасымен жергілікті атқарушы орган тарапынан дауыс беру кабиналары толық жаңартылды. Учаскелік референдум комиссияларының маңдайшалары мен ақпараттық тақталары, дауыс беру жәшіктері қажеттілігіне қарай алынып, ауыстырылатын болады.
Семинар барысында әр тақырып бойынша пікірталастар, ситуациялық жағдайлар талданды. Баяндамашыларға қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Семинар соңында учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің қатысуымен практикалық тренингтер өткізіліп, бейнебаян көрсетілді.
Азамат Серікұлы семинар жұмысын қорытындылай келе семинарға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 03 қыркүйектегі 38/42 қаулысымен бекіткен 2024 жылғы 06 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыс жүргізіп, референдумды өз дәрежесінде өткізуге шақырды.
Шу аудандық референдум комиссиясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.