Ақпараттық портал

Тағайындау

Түменбаев Балаби Әлібиұлы өңірлік кадр резервына ілініп, жеңімпаз қатарында болып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің келісімі негізінде конкурссыз аудан әкімінің 2024 жылғы «16» қыркүйектегі №142 ө ж/қ өкімімен Шу ауданы әкімі аппараты басшысы қызметіне тағайындалды.
Жаңа тағайындалған басшыны аудан әкімі Б.Жәнібеков аппарат қызметкерлеріне таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Б.Түменбаев 1993 жылы туылған, білімі жоғары, 2015 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Мұнай-газ ісі» және 2020 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған.
2016 жылдың маусым-шілде айларында Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің хатшысы;
2016-2019 жылдары Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы;
2019-2020 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы;
2021-2023 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы;
2023 жылдың 14 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Отбасылы. Екі бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.