Ақпараттық портал

Комиссия мүшелеріне оқыту семинары өтті

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 қазанындағы №16 қаулысына сәйкес, 2024 жылдың 08 желтоқсанға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихатының №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша ағымдағы жылдың қараша айының 25 күні Шу ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы орта мектебі, №456 сайлау учаскесінде Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен №18 округтік сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларын оқыту мақсатында семинар-тренинг өтті.
Аталған семинарға аудандық сайлау комиссиясының толық құрамы, №18 округтік сайлау комиссиясының және 26 учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төраға орынбасарлары, хатшылары, барлығы 88 комиссия мүшелері қатысты. Семинар жұмысын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ошанов Азамат Серікұлы ашып, семинардың өзгешелігі іскерлік ойын ретінде өтетіндігін ескертті. Комиссия төрағасының орынбасары Б.Стыбаев 2024 жылдың 08 желтоқсанға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихатының №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларымен таныстырып, комиссия мүшелерін 5 топқа бөлу арқылы кейстік сұрақтар мен ситуациялық сәттерді ұйымдастыру арқылы қатысушылар арасында қызу талқыға салып, семинар жұмысы жоғарғы деңгейде өтті. Тәжірибеде болмаған, қолданылмаған, бірақ болып қалған жағдайда әрбір комиссия құрамының әрекеті мен оңтайлы шешім қабылдай білу әрекетіне көшу жолдарын қарастырды. Хатшы С.Снабеков құжаттармен жұмыс барысын, комиссия мүшесі Н.Молдакулова мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беру орындарының қолжетімділігі, А.Шошимов есептен шығару куәліктерін беру тәртібімен таныстырды. Қаржыландыру мәселесі бойынша комиссия мүшесі Қ.Мұхаметжанов толық мағұлмат берді.
Семинар барысында әр кейстік сұрақтарға жеке-жеке тоқтап, ара-жігін ажыратып, ой-пікірмен бөлісу арқылы, тәжірибе алмасып, ситуациялық жағдайлар талданды. Барлық туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Азамат Серікұлы семинар жұмысын қорытындылай келе семинарға қатысушыларды заң талаптарын қатаң бақылауға алып, күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс жасауға шақырып, кез келген жағдайда салқынқандылық сақтауды ұсынды.
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.