Ақпараттық портал

Тапсырмалардың орындалу барысы тексерілді

ҚР Премьер-министрі Олжас
Бектенов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Негізгі міндет – Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларының іске
асырылу барысын бақылау.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар кәсіпорынның жұмысын көрген Премьер-министр өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуы, тереңдете қайта өңдеумен және отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының нәтижелерімен танысты.
Биыл өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға шамамен 175 млрд теңге қаржы бағытталды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,7 есе асып түсті. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов 2027 жылға дейін АӨК-те 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 96 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын баяндады. Инвестицияның жалпы көлемі 232 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту мақсатында 6 тауарлы-сүт фермасын салу жұмыстары жүргізілуде, оның біреуі пайдалануға берілді. Құс шаруашылығында жалпы құны 60 млрд теңгені құрайтын 2 ірі құс фабрикасын іске қосу жоспарланған, нәтижесінде құс етін өндіру жылына 62,5 мың тоннаға артады деп күтілуде.
Премьер-министрге «Аруана-2010» ЖШС ұн өндіру кәсіпорны аумағында ішкі және сыртқы нарыққа жеткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған құны 3 млрд теңге болатын диірмен кешенін салу жөніндегі жоба таныстырылды. Бүгінде кәсіпорын жылына 90 мың тоннаға дейін өнім шығаруды қамтамасыз етеді. Кешенді кеңейту ұн өндірісі көлемін 2 есеге жуық, яғни 170 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қосымша 150-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайту және өңдеуді тереңдету жұмыстарының қарқынын арттыру қажеттігін баса айтты. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі бидай мен ұн бойынша ең ірі экспорттаушы 10 елдің қатарына кіреді. Облыс әкімдігіне «Аруана-2010» кәсіпорнына дайын өнімді өткізу нарықтарының географиясын ұлғайтуға көмектесу, сондай-ақ экспорттық бағыттарды кеңейте отырып, логистиканы жетілдіру мәселесін пысықтау тапсырылды.
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын аралаған Премьер-министр отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу барысымен танысты.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.