Ақпараттық портал

Тиісті шешімдер қабылданды

Шу аудандық орталық ауруханасы байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға байқау кеңесінің төрайымы, «Стомотология» ЖНС-нің бас дәрігері Смағұлова Клара Саяққызы, аталған кеңес мүшелері – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының ДСБ өкілі Үмбетәлі Перизат Жолдығұлқызы («Zoom» қосымшасы арқылы), Шу ауданы Төле би ауылы әкімінің орынбасары Аймамбетов Ербол Еркінұлы, Шу ауданының жеке кәсіпкері Бабалиев Сабыржан Берданұлы қатысса, Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айтишев Жайдар Әскербекұлы мен бас есепші Ельчибаева Асель Есенқызы шақыртылды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Шу аудандық орталық ауруханасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі мүшелерінің 2023 жылы атқарылған қызметтерінің есебі бойынша, бағалау комиссия отырысының, сыйақы төлеу қорытынды шешімімен бас дәрігер Жайдар Айтишев таныстырды.
– ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №115 бұйрығымен бекітілген «Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидалары» «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 148-бабының 5-тармағының талаптары бойынша жүзеге асырылды. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау үшін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасында мүшелердің қызметіне бағалау жүргізу және сыйақы төлеу лимитін айқындау жөнінде комиссия құрылған. 17.12.2024 жылы жоғарыда аталған комиссия отырысы өтіп, онда Шу аудандық орталық ауруханасы Байқау кеңесі мүшелерінің жұмысының есебі зерделеніп, әрбір мүшесінің жұмысына бағалау жүргізіліп, отырыстың қорытындысы бойынша ұпайлар қойылды, – деген Жайдар Әскербекұлы байқау Кеңесі мүшелерінің 2023 жылы атқарған қызметтеріне сыйақы төлеу лимитын айқындауды тілге тиек етті.
– Шу аудандық орталық ауруханасы әкімшілігіне 2023 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бюджеттен 3 миллиард 755 миллион теңге қаражат толығымен 100 пайыз игерілді. Денсаулық сақтау басқармасынан құрал-жабдықтар сатып алуға 111 миллион 005 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, аудандық аурухана қазандығындағы пештердің тозығы жетуіне байланысты 39 миллион 117 мың теңгеге 4 дана жаңа пеш орнатылды. Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында ауруханаға 57 миллион 389 мың теңге санитарлық 3 дана автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ 14 миллион 499 мың теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды.
ҚР Ұлттық экономика министрі-нің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен бекітілген “Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларына” сәйкес тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке аударғаннан кейін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы лимитін айқындайды. Ол «шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған таза кіріс бөлігінің бес пайызынан аспайды» делінген. Осы пайыз мөлшерінен аспайтын соманы сіздерге төлейміз, – деді бас дәрігер.
Кеңес соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жанаткүл Бейімбетова,
аудандық орталық ауруханасы байқау кеңесінің хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.