Ақпараттық портал

Шығармашыл оқушы– ұстаз еңбегінің жемісі

Білім алушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының ІІ кезеңі (аудандық) өткізілді.
Аталған конкурсқа мектебімізден 5 – сынып оқушысы Жұмағұл Райана Сержанқызы «Ағылшын тілі» секциясы бойынша «Чипсылардың пайдасы мен зияны» атты зерттеу жұмысын қорғап, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: Жамбыл Жібек Жайылханқызы.
3 – сынып оқушысы Кеулімжай Сафия Сакенқызы «Информатика, робототехника STEM инженерия» секциясы бойынша «Смартфон қосымшаларын дұрыс пайдалану» атты зерттеу жұмысын қорғап шықты. Нәтижесінде «Бас жүлдеге» ие болып,конкурстың ІІІ кезеңіне (облыстық) жолдама алды. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: Бекбергенова Айжан Бейбитовна.
Талаптары оң, жеңістері құтты болсын деген ізгі тілек айта отырып, марапатты мектеп директоры Абуев Ерлан Нұрқасымұлы мен директордың оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары Ермекова Дана Қуантайқызы табыс етті.
Мадина Даулетказина,
Жайсан орта мектебінің ұйымдастырушы педагогы.
Жайсан ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.