Ақпараттық портал

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті оқуға шақырады

Құрметті мектеп түлектері! Аздаған уақыттардан кейін өміріңіздегі ең маңызды кезеңдерге қадам басқалы отырсыз. Алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілей отыра, сізді дұрыс таңдау жасауға шақырамын!
Болашағыңызға бағытталған сенімді қадам университетті дұрыс таңдаудан басталады. Біздің университет тек бүгінгі емес, болашақтың білімі мен ғылымын дамытушы. Студенттерімізге жаңа мүмкіндіктер, кәсіби өсім және таңдаулы әлемдік тәжірибені ұсына отырып, біз үздік мамандар мен көшбасшыларды дайындаймыз.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті аймақтағы жалғыз көпсалалы оқу ордасы.
• Тегін білім беру жүйесі:
– Мемлекеттік грант;
-«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050» бағдарламасының гранты;
-Аризона университетімен (АҚШ) қос дипломды бағдарламасы;
-Педагогикалық және техникалық атаулы гранттар;
-Дуальды оқыту.
Университеттің перспективалары:
• Халықаралық байланыстар мен мүмкіндіктер:
2022 жылдан бастап университетіміз Аризона университетімен (АҚШ) стратегиялық әріптестікті дамытып, Қазақстан студенттеріне әлемдік білім беру тәжірибесіне қол жеткізуге мүмкіндік беріп келеді. Бұл олардың кәсіби көкжиектерін кеңейтіп, халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады.
Осы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – ақпараттық технологиялар, биотехнология және арнайы білім беру бағыттары бойынша қос дипломдық бағдарламаларды ұсыну. Мектеп түлектері осы жобаға арнайы бөлінетін мелекеттік гранттарға ие бола алады.
Бұл бағдарламалар студенттерге халықаралық стандарттар бойынша білім алу, Қазақстан мен АҚШ оқытушыларынан дәріс алу мүмкіндіктерін береді. Осы бағдарламада оқитын студенттер үшін бірқатар маңызды артықшылықтар бар:
• сабақтар тек ағылшын тілінде,
• Аризона университетінің электрондық білім беру ресурстары,
• Аризона университеті курстарының онлайн және офлайн үйлесімі,
• Аризона университеті профессорларының тәлімгерлігі.
Сонымен қатар, төртінші курста студенттер Аризона университетінің Тусон қаласындағы бас кампусында бір семестр оқу мүмкіндігіне ие болады. Қозыбаев университеті барлық шығындарды толық өтеуді қамтамасыз етеді. Мысалы, 2025-2026 оқу жылының күзгі семестрінде 33 студентті АҚШ-қа жіберу жоспарланып отыр.
• Үздік оқытушылар құрамы. Университетімізде тәжірибелі профессорлар мен практик мамандар жұмыс істейді, олар сізге сапалы білім мен тәжірибе береді.
• Заманауи инфрақұрылым. Заман талабына сай жаңа кампустар, жатақханалар, аудиториялар, кітапханалар, зертханалармен қамтамасыз етілген.
• Икемді білім беру траекториялары. Университет студенттерге теориялық дайындықпен қатар нақты өндірістік жағдайларда практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік беретін дуальды оқытудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл тәсіл түлектердің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуына кепілдік береді.
• Көп деңгейлі білім. Университеттің білім беру жүйесі үш деңгейден тұрады:
– Бакалавриат-кәсіби білімнің негізі (педагогика, медицина, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары)
– Магистратура-тереңдетілген мамандандыру
-Докторантура-ғылыми-зерттеу даярлығының жоғары деңгейі
• Ғылыми зерттеулер мен инновациялар. Университетіміз ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдайды, студенттерге өз зерттеулерін жүргізу, халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіндіктерін ұсынады.
• Қызыққа толы студенттік өмір. Түрлі бағыттағы студенттік клубтар мен жастар ұйымдары тұлғалық және көшбасшылық дамумен қатар, республикалық, халықаралық мәдени-көпшілшік іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.
• Кәсіби даму. Біз студенттеріміздің тек теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар өз саласында тәжірибе жинақтауына барынша жағдай жасаймыз. Оқу барысында тәжірибелік жобалар, сынақтар және жұмыс орнындағы оқыту сіздердің болашақтағы мансаптарыңызға зор әсер етеді.
• Жоғары білікті оқытушылар мен ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері:
Оқу орындарындағы тәжірибелі профессорлар мен ғылыми жетекшілер сізге болашақта тек білім емес, ғылымда да өз жолыңызды табуға көмектеседі.
• Қолайлы оқу және тұрмыстық жағдайлар:
Университетіміз студенттерге сапалы білім алу үшін барлық жағдайды жасайды. Заманауи оқу ғимараттары, зертханалар, жатақханалар және түрлі әлеуметтік мүмкіндіктер сіздің оқу процесіңізді ыңғайлы етеді.
• «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» – «Серпін-2050» бағдарламасының гранты.
2025-2026 оқу жылына 200-ге жуық грант бөлінді. Осы бағдарламаның түлегі үшін грантты 2 жыл жұмыспен өтеу.
– өңірлердегі кәсіпорындарға 2-3 курстан бастап бекіту (кейін жұмысқа орналасып, тәжірибеден өту);
-жұмысқа орналасуға жәрдемдесу (түйіндеме жасауға көмектесу, әңгімелесуден өтуге дайындық, Бос орындар жәрмеңкелерінде ұйымдастыру және т. б.);
-4 курс студенттері үшін дуальды оқытуға жолдама;
-өзін-өзі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау;
2025 жылдан бастап университет тек студенттер үшін ғана емес, сонымен қатар бағдарламаның жұмысқа орналасқан түлектері үшін жатақханада тұруды қамтамасыз етеді
Сіздің болашағыңыз осы жерден басталады: Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті!
Мекенжайымыз: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көшесі №114.
Бізбен байланыс: https://ku.edu.kz
Қабылдау және рекрутинг кеңсесі: +7(7152) 493037, +7(7152) 493343. «Серпін» бағдарламасы бойынша сұрақтар: +77761135011, +77751823374.

Ербол Исақаев,
Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма төрағасы-ректор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.