Ақпараттық портал

Қызметіне берілген жандардың еңбегі бағалы

Көші-қон қызметінде еңбек ету – күрделі әрі жауапты қызмет. Әсіресе, басқа елден келген қандастардың уақытша тұруы, азаматтық алуы деген сияқты мәселелер бойынша жұмыс көп.
Осы жағдайда Шу көші-қон бөлімшесінің бастығы Заурбеков Дархан Сапарқалиұлы мен ондағы қызметкерлер белгілі бір құқықтық мәртебесі жоқ, жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген адамдарды анықтап әрі оларға көмек көрсетеді.
Дархан Сапарқалиұлы өз ісінің маманы. «Жақсыдан шарапат» дейді ғой халық даналығында. Жолдасымның құжаттарын дайындауда өзінің саяси сауаттылығын танытқаны, қызметіне сай міндетін атқарғаны үшін шексіз ризашылығымды осы баспасөз арқылы білдіргім келеді.
Сергелдеңге салмай, анда-мұнда бар деген қағазбастылыққа жекпей, ауырымызды әжептәуір жеңілдетті. Соның арқасында тиісті құжатымызды қысқа мерзімде алуға қол жеткіздік.
Шу қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, жан-жақтан келіп-кетушілер де көп. Соның бәрін бақылап, есепке алып отыру – үлкен жауапты іс деп ойлаймын. Шалғай жерлер мен шаруа қожалықтарында тұратын, оның үстіне құқықтық сауаттылықтың төмендігінен және денсаулығына байланысты өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ азаматтарды да назардан тыс қалдырмайды екен.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Шу аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Дархан Заурбековке және ондағы қызметкерлерге алғысымды айта отырып, отбасыларына амандық, жұмыстарына толағай табыс тілеймін.
Ажар Алламбергенова,
Бірлік ауылының тұрғыны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.