Жас өрендер шығармашылық шыңында
Жуырда Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, мәнерлеп оқу бойынша аудандық әдеби байқау екі күн бойы өткізілді. Байқаудың мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес халқының ерлігін есте сақтау, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, ардагерлер мен соғысқа қатысушыларды құрметтеу болып табылады.
Бірінші күні бірқатар мектептің орыс сыныбы оқушылары бақ сынаған байқаудың нәтижесінде мәнерлеп оқу номинациясы бойынша А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Валерия Вардугина бас жүлдені иеленді. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептен А.Айтақаева, Әл-Фараби атындағы орта мектептен Д.Бадырова бірінші орынды еншілесе, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы С.Мирзаева, кешкі мектептен А.Амитова, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінен Ж.Сайлауоваларға екінші орын бұйырды. Ал, М.Х.Дулати атындағы орта мектептен Н.Тамазова, Е.Чиняева, Э.Амриев, Д.Қонаев атындағы орта мектептен С.Уәлиханов, Р.Мажидоваларға үшінші орындар бұйырды.
***
Араға екі күн салып, қазақ сыныптары арасында ұйымдастырылған дәл осы мақсаттағы байқаудың “Мәнерлеп оқу” номинациясының қатысушылары таныс шығармалар-ды жандандырып, олардың жаңа мағынасын ашты. Бас жүлдені Д.Қонаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Сағындық Ерасыл иеленді. І-орынмен Мейірман Бауыржан (Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясы), 9-10 сынып оқушылары М.Ғабдуллин, Құдайберген Арайлым (Т.Рысқұлов), Ибраим Ақбота (Қ.Сәтбаев), ІІ-орынмен Абдуалы Балымай (М.Әуезов), Селібай Айша (Абай), Ертай Есеназ (К.Әзірбаев), Талғат Елеусін (№40 мектеп-лицей), Мамедова Руфина (Б.Момышұлы), Әсімхан Аяулым (Амангелді), Айтуған Нұрай («Жібек жолы» мектеп-лицейі), Қаршыға Перизат (Амангелді), Нұратқызы Нұршапағат (Абай), ІІІ-орынмен Бақытжанқызы Аружан (А.Байтұрсынов), Нұржанқызы Әсел (М.Ғабдуллин), Жолшыбай Әділет (С.Шәкіров), Темірхан Шұғыла (Д.Қонаев), Мырзали Аружан (Амангелді) марапатталды. Ал, Мұратбек Ерсұлтан (М.Әуезов) мен Инабат Балнурға (Төле би) белсенділігі үшін Алғыс хат табысталды.
«Ән сахналау» номинациясында көркемдік маңызды рөл атқарды. Өйткені ол оқушыларға шығарманың мағынасын жеткізуге ғана емес, сонымен қатар өздерін театр процесінің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесті. Бас жүлдені иеленген К.Әзербаев атындағы орта мектеп оқушыларының сөз сөйлеу ерекшілігін атап өткім келеді. Қойылым соншалықты жарқын және есте қаларлық болды. Ол көрермендердің назарын тек жарқын сәттермен ғана емес, сонымен қатар орындаудың шынайылығымен де аударды. І орынды М.Ғабдуллин және С.Естемесов атындағы орта мектеп оқушылары иеленді. ІІ орынды Т.Рысқұлов, М.Дулатұлы мектептерінің оқушылары иеленді. ІІІ орынды Д.Қонаев, С.Шәкіров мектептерінің оқушылары иеленді.
Сахнада оқушылар шығарманы көркемділікпен орындады. Олар қайғы-қасіретті, соғыс жылдарының жоқшылығын шынайы эмоциялар арқылы жеткізе алды.
Біз өз тарихымызды есімізде сақтаймыз және оны мақтан тұтамыз!
Майра Булекбаева,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.