Үкілі қыз Айлин
Дубай қаласында өткен халықаралық би фестивалінде “Үкілі қыз” биімен Төле би атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Айлин Карбекова Гран при иегері атанды.
Дархан даланың хош иісті қызғалдақ гүліндей киім үлгісімен қазақтың ою-өрнегін мың бұралған қолымен көрсете білді.
Балауса биші қыз қалың көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп, фестиваль дипломы және төсбелгісімен марапатталды.
Айлиннің сынып жетекшісі Нейла Абишева болашақта оның би өнерін үлкен сахналарда жалғастырғысы келетіні туралы ойын бөліскен еді. Ұлағатты ұстаз Нейла Тәжібайқызының осындай өнерлі де білімді шәкірттері Назым Ахмет, Диана Алдошкина республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері екенін мақтанышпен айтуға болады.
Ләззат Оразбаева,
Шу қаласы.