Ақпараттық портал

Әкім кубогы сарапқа салынды

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары ауданымызда теңбіл доп турнирі көптеп ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде Президент пәрмен берген бұқаралық спортты дамытуға зор серпін сыйлайтыны сөзсіз. Себебі спорт жастардың басын салауатты өмір салтын қалыптастыруға шоғырландырады.
Сөзіміздің айқын дәлелі ретінде таяуда ғана Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” мекемесі және Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының бірлесуімен ұйымдастырылған Шу ауданы әкімінің кубогы үшін аудан жастары арасындағы футбол турнирін атап өтуге болады.
Аталған турнирге ауданның аяқ доп шеберлері қатысып, өзара мергендерді анықтады. Тартысты һәм табысты өткен турнирде үздік үштікті “Қайрат” командасы түйіндесе, күміс жүлдені “Еңбекші” командасы еншіледі. Ал үздіктердің көшбасшысы атанған “Алға” командасы доданың жеңімпазы ретінде анықталды. Жеңімпаз атанған командаға аудан әкімінің кубогы табысталды.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әрі спортты серік еткендері үшін алғыс айтылды.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.