Ақпараттық портал

Алғаш рет 1 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, өндіріс көлемінің өсуі барлық негізгі салаларда байқалуда.
Өңдеу өнеркәсібі – 675,4 млрд тг (20,7 мың адам еңбек етуде)
Тау-кен өндіру – 201,5 млрд теңге, Химия өнеркәсібі – 320,3 млрд теңге, «Казфосфат» өнімін 54,2 пайызға, «НДФЗ» сары фосфор өндірісін 8,5 пайызға, «Talas Investment Company» натрий цианидін 6,5 пайызға арттырды.
Құрылыс индустриясы – 73,3 млрд теңге, «Жамбылгипс» өнім көлемін 52,6 пайызға өсірді.
Тамақ өнеркәсібі – 103,6 млрд теңге, 83,8 мың тонна қант, 2 872 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді.
Мұнай өңдеу – 23,4 млрд теңге, өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 34,6 пайызға артты.
Машина жасау – 17,6 млрд теңге, шикізаттық емес тауарлар экспорты да едәуір артты — 270,4 млн АҚШ доллары, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
Экспорт өсіміне химия саласы (157 пайыз), тамақ (186,9 пайыз) және құрылыс индустриясы (112,4 пайыз) өнімдерінің артуы әсер етті.
Жыл соңына дейін өнеркәсіптегі өсім қарқынын 6,5 пайыз деңгейінде сақтау жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.