Ақпараттық портал

ТҮЛЕКТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ТУРНИР

Жақын күндері Ескі Шу ауылдық округіндегі «Белбасар» спорт кешенінде Е.Бекмаханов мектебінің түлегі, футбол жанашыры болған Жеңісбек Бауыржан Қуанышбекұлын еске алуға арналған кіші футболдан дәстүрлі турнир өтті.
Айта кетерлігі, бұл турнир – аудан көлемінде мектеп түлектері арасында алғаш рет ұйымдастырылып, бүгінде дәстүрге айналған жарыс. Аталған игі бастама 2008 жылғы түлектер Чекаев Мақсат пен Уразбаев Дидардың бастамасымен қолға алынып, биыл үшінші мәрте жалғасын тауып отыр.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ түлектер арасындағы достық пен бірлікті нығайту болып табылады. Тартысты өткен жарысқа 1989–1999 жылдар аралығындағы туған түлектер қатысып, жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 1993 жылғы, II орынды 1995 жылғы, ал, ІІІ орынды 1989 жылғы түлектер иеленді.
Сонымен қатар, шара барысында өмірден өткен марқұм түлектердің рухына құран бағышталып, қатысушыларға ас берілді. Бұл – өткенге құрмет, бүгінге өнеге, болашаққа аманат болған тағылымды іс. Осындай игі бастамалар ел ішіндегі ауызбіршілікті нығайтып, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.