Ақпараттық портал

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты Шу аудандық орталық ауруханасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен ауылдық медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған дәріс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру.
Іс-шараға Қонаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясы мен Бірлік ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында комплаенс-офицер Жанаткүл Беймбетова медицина саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстану, пациенттерге сапалы әрі заң талаптарына сәйкес медициналық қызмет көрсету мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ұжымда адалдық құндылықтарын орнықтырудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Ішкі қаржылық аудит маманы Тынышқан Аристеев қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кез келген заңсыз әрекетке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанудың маңызын түсіндірді.
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі маман Амина Исабекова медицина қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Ол санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану, медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, сондай-ақ өрт және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.
Шара аясында амбулаторияларға жүгінген азаматтар арасында медициналық қызмет сапасына қатысты сауалнама жүргізіліп, көрсетілетін қызметтерге байланысты пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.
Кездесу қорытындысында медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын тарқатып берді.
Аудандық орталық ауруханасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.