Ақпараттық портал

Білім сайысында үздік шықты

Жуырда Мойынқұм ауданында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Smart Battle: Жастардың білім сайысы» атты облыстық зияткерлік сайысы өтті.
Аталған білім додасына Жамбыл облысындағы аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысып, өздерінің білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті, тапқырлығы мен командалық бірлігін бірнеше кезең бойынша сынға салды. Қатысушылар түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, жылдамдық пен білімді, ұшқыр ой мен ұйымшылдықты қатар көрсетті.
Бұл тартысты сайыста Шу аудандық жастар ресурстық орталығының командасы жоғары дайындықтарын, жан-жақты білімдерін және ұйымшылдықтарын дәлелдеп, барлық кезеңдерде үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
(Өз тілшіміз).

Leave A Reply

Your email address will not be published.