Оқырманға жол тартқан жаңа әдебиеттер
Құрметті оқырмандар!
Кітапхана – адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және мәдени мұрасын сақтайтын қасиетті орын. Ол – оқырман мен кітапты байланыстыратын алтын көпір. Сондықтан кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыру – кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Бюджеттік бағдарлама аясында мемлекеттік тапсырыспен 2026 жылы жарық көрген әдебиеттерді қоғам арасында жан-жақты насихаттау жобасы барысында кітапханамыздың қоры түрлі бағыттағы жаңа басылымдармен толықты.
Жаңа әдебиеттердің қатарында көркем шығармалар, тарихи туындылар, әдеби-танымдық еңбектер, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар, сондай-ақ анықтамалық басылымдар бар.
Жаңа кітаптардың әрқайсысы – оқырманға тың ой, жаңа ақпарат пен пайдалы білім ұсынатын рухани қазына. Көркем шығармалар адамның дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын қалыптастырса, тарихи кітаптар өткенімізді танып-білуге, ұлттық құндылықтарымызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Ал танымдық әдебиеттер қазіргі заман туралы білімімізді толықтырып, ізденуге жол ашады.
Кітапханаға жаңа әдебиеттердің келуі – оқырмандар үшін үлкен қуаныш. Себебі әрбір жаңа кітаптың өз оқырманы, айтары мен берер тағылымы бар.
Кітап – үнсіз ұстаз. Ол адамды ойлануға, ізденуге, білім алуға және бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге тәрбиелейді. Сондықтан кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттермен танысып, өзіңізге ұнаған кітапты таңдап оқуға шақырамыз.
Құрметті оқырман!
Жаңа кітап – жаңа білімнің бастауы. Кітапханаға келіңіз, жаңа әдебиеттермен танысыңыз, өзіңізге қажетті кітапты тауып, рухани қазынаңызды байытыңыз!
Г. Бердібаева,
аудандық орталық кітапхананың
библиографы.