АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың өмір сүру, білім алу, еңбек ету, денсаулығын сақтау және өз ойын еркін білдіру құқықтарына кепілдік береді.
Ата Заңда адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде белгіленген.
Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығын құрметтеуі тиіс. Себебі құқықтық сауатты қоғам – әділетті әрі дамыған мемлекеттің негізі.
Махаббат Султанова
Жамбыл облысы, Шу ауданы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің директоры