КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ
Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі, елдің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын айқындап, қоғамдағы тәртіп пен әділеттіліктің сақталуына жол ашады.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының бірі. Онда мемлекеттің құрылымы, билік тармақтарының қызметі және халықтың құқықтық мәртебесі нақты белгіленген.
Конституцияны құрметтеу – елді, жерді және тәуелсіздікті құрметтеу.
Жумахан Чекаев,
журналист.