ХАЛЫҚ СЕНІМІ – БАСТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Табышакова Жулдыз Саутбековна
№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Табышакова Жулдыз Саутбековна өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету, қоғамдық бастамаларды қолдау, қайырымдылық шараларын дамыту, құқықтық тәртіпті нығайту және тұрғындармен ашық байланыс орнатуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды.
Өмірбаяны және еңбек жолы
Табышакова Жулдыз Саутбековна 1986 жылғы 14 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында дүниеге келген. 2008 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы әлеуметтік қызметкер болып бастаған. 2019 жылдан бастап жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде кеңесші қызметін атқарған.
2026 жылдан бері Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып жұмыс істейді. Отбасылы, төрт баласы бар.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесі кандидаттың тұрғындармен байланыс орнату және әлеуметтік мәселелерге назар аудару бағытындағы ұстанымдарымен сабақтасады.
Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары
Жұлдыз Табышакованың 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қоғамдық бастамаларды қолдау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.
Қоғамдық бастамаларды қолдау
Кандидат тұрғындар тарапынан ұсынылатын жаңашыл идеялар мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына ықпал етуді көздейді. Қоғамға пайдалы бастамаларды қолдап, азаматтардың жергілікті мәселелерді шешуге қатысуына жағдай жасау ұсынылған.
Әлеуметтік-экономикалық даму. Бағдарламада өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеу мен жүзеге асыруға белсенді қатысу міндеті белгіленген. Кандидат тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті даму мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеруді жоспарлаған.
Халық пен билік арасындағы байланыс
Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдау, оларды жауапты мекемелерге жеткізу және ашық диалогты дамыту бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылған. Кандидат халық пен жергілікті билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға назар аударған.
Қайырымдылық және өзара көмек
Тұрғындар арасында бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және қоғамдық ұйымдармен бірлескен әлеуметтік бастамаларды қолдау көзделген.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Кандидат қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді көтеруді жоспарлап отыр. Бұл бағытта құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға мән берілген.
Халықпен ашық байланыс – негізгі ұстаным
Жұлдыз Табышакованың сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, олардың мүдделерін қорғау және қоғамдағы өзара жауапкершілікті арттыру мәселелері басты назарға алынған.
Кандидат депутат болып сайланған жағдайда, алдағы бес жылда округ тұрғындарының ұсыныстарын мәслихатта көтеріп, әлеуметтік және қоғамдық мәселелердің шешілуіне ықпал етуді көздейді.
Бағдарламаның негізгі ұстанымы – ашықтық, халықпен тұрақты байланыс және тұрғындардың мүдделерін ескеретін қоғамдық бастамаларды қолдау.
Дайындаған: “Шу аудандық баспасы” ЖШС
Тапсырыс беруші: Табышакова Жұлдыз
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.