АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Диханов Даурен Ержанович
№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Диханов Даурен Ержанович ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, жол инфрақұрылымын жақсарту, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды.
Өмірбаяны және еңбек жолы
Диханов Даурен Ержанович 1992 жылғы 4 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Шу қаласында тұрады.
2014 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы бастаған. Содан бері халыққа қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық саласында еңбек етіп келеді. Коммуналдық қызметтерді тұтынушылармен жұмыс жүргізу, абоненттік құжаттаманы рәсімдеу, жеке және заңды тұлғалармен байланыс орнату бағыттарында тәжірибе жинақтаған.
Қазіргі уақытта «Ауыз Су Шу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының абоненттер бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Отбасылы, төрт баланың әкесі.
Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары
Дәурен Дихановтың 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын қолдау, жер және су мәселелерін реттеу, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындармен тұрақты байланыс орнату міндеттері қамтылған.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау
Кандидат ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттік субсидияларға қол жеткізуіне, жеңілдетілген жанар-жағармай алуына және жер мәселелерін шешуіне ықпал етуді көздейді. Бұл бағытта шаруалардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру жоспарланған.
Жайылымдық жерлер және суару жүйелері
Бағдарламада ауыл маңындағы жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, олардың жағдайын ретке келтіру және суару жүйелерін жөндеу мәселелеріне назар аударылған. Кандидат осы бағыттағы жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауға атсалысуды ұсынады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері
Жергілікті шаруалардың өнімдерін өткізуіне жағдай жасау және қала тұрғындарын табиғи, сапалы азық-түлікпен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруға ықпал ету көзделген.
Жолдарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру
Кандидат ауылдар мен округ аумағындағы жолдардың жағдайын жақсарту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және көгалдандыру мәселелерін көтеруді жоспарлаған. Елді мекендердің қолайлы әрі таза болуына бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізуге назар аударылған.
Тұрғындармен ашық байланыс
Бағдарламада сайлаушылардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жеткізуге басымдық берілген. Кандидат тұрғындарды толғандырған мәселелердің заң аясында қаралуына және шешілуіне ықпал етуді көздейді.
Халық мүддесі – басты назарда
Дәурен Дихановтың сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығының дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту өзара байланысты міндеттер ретінде қарастырылған.
Кандидат депутат болып сайланған жағдайда, алдағы бес жылда округ тұрғындарының мәселелерін мәслихатта көтеріп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және абаттандыру бағытындағы бастамалардың жүзеге асуына атсалысуды жоспарлап отыр.
Бағдарламаның негізгі ұстанымы – халықтың талап-тілегін ескеріп, өзекті мәселелердің заң аясында шешілуіне ықпал ету.
Дайындаған: “Шу аудандық баспасы” ЖШС
Тапсырыс беруші: Диханов Даурен
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.