АЙБОЛАТ КЕНЕСБЕКОВ: ҚАЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Кенесбеков Айболат Болатбекұлы
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Кенесбеков Айболат Болатбекұлы қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсарту, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін арттыру, оқушылардың тамақтану сапасын бақылау, жастарды қолдау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды.
Өмірбаяны және еңбек жолы
Кенесбеков Айболат Болатбекұлы 1994 жылғы 24 ақпанда Жамбыл облысы Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округінің Еңбекші ауылында дүниеге келген.
2016 жылы Орталық Азия университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы ауыл шаруашылығы саласында бастаған. Сол жылдан бері «Айболат» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы, үш баланың әкесі.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың күнделікті қажеттіліктеріне, білім беру ұйымдарының жағдайына және жастардың дамуына қатысты мәселелерге назар аударылған.
Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары
Айболат Кенесбековтің 2026–2031 жылдарға арналған бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық көлік, мектепке дейінгі білім беру, балалардың тамақтану қауіпсіздігі және жастарды қолдау мәселелері қамтылған.
Әлеуметтік-экономикалық даму. Кандидат өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қатысуды көздейді. Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру жоспарланған.
Қоғамдық көлік инфрақұрылымы. Бағдарламада Шу қаласының орталық көшелеріндегі қоғамдық көлік аялдамаларының жағдайын жақсарту, ескірген аялдамаларды жаңарту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылған. Кандидат осы бағыттағы ұсыныстардың жүзеге асуына ықпал етуді жоспарлап отыр.
Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі. Қаладағы балабақшаларда орын тапшылығын азайту, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін кеңейту және балаларды балабақшамен қамту деңгейін арттыру бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленген.
Оқушылардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігі. Кандидат қала мектептеріндегі оқушыларды тамақтандыру сапасына, ұсынылатын тағамдардың қауіпсіздігіне және белгіленген санитарлық талаптардың сақталуына назар аударуды көздейді. Бұл мәселелерді жауапты мекемелер алдында көтеріп, тиісті бақылау жүргізуге ықпал ету жоспарланған.
Жастардың шығармашылық және спорттық дамуы. Бағдарламада жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және спортпен айналысуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау ұсынылған. Жастарды қоғамдық және мәдени іс-шараларға тарту мәселелеріне де назар аударылған.
Халық алдындағы жауапкершілік
Айболат Кенесбековтің сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, балалар мен жастарға қолайлы жағдай қалыптастыру және қала инфрақұрылымын дамыту негізгі міндеттер ретінде қарастырылған.
Кандидат депутат болып сайланған жағдайда, алдағы бес жылда бағдарламада белгіленген міндеттердің орындалуына атсалысып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді көздейді.
Бағдарламаның негізгі ұстанымы – халықтың қажеттіліктерін ескеріп, әлеуметтік-экономикалық дамуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.
Дайындаған: “Шу аудандық баспасы” ЖШС
Тапсырыс беруші: Кенесбеков Айболат
Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы
республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді