Ақпараттық портал

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қарабекова Мақпал Қайратқызы

0

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қарабекова Мақпал Қайратқызы тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, жолдардың сапасын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешуге ықпал етуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Өмірбаяны және еңбек жолы

Қарабекова Мақпал Қайратқызы 1987 жылғы 17 шілдеде Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Шу ауданы Д. Қонаев ауылдық округіне қарасты ауылда тұрады.

2009 жылы «Қайнар» университетін «Педагог-психолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №176 мектеп-гимназиясында педагог-психолог болып бастаған. 2016 жылы «Көксай» дәрігерлік амбулаториясында психолог қызметін атқарған.

2026 жылдан бастап Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеңесші болып жұмыс істейді. Отбасылы, үш баланың анасы.

Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары

Кандидаттың 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың күнделікті тұрмысына қатысты өзекті мәселелерге басымдық берілген.

Абаттандыру және тазалық. Тұрғын үйлердің аулаларын таза әрі қауіпсіз ұстау, балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарының жағдайын жақсарту, жасыл желектерді күтіп-баптау және тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мәселелерін көтеру көзделген.

Бұқаралық спорт. Балалар мен жастарды салауатты өмір салтына баулу, спорттық жарыстар мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету, тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мәселелері қамтылған.

Жол инфрақұрылымы. Қала көшелері мен тұрғын үйлерге апаратын жолдардың сапасын жақсарту, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне назар аудару және олардың сапалы орындалуын бақылауға атсалысу жоспарланған.

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту. Шағын кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға бағытталған ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру қарастырылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, тұрғын үйлерге қатысты инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге ықпал ету және тұрғындардың өтініштерін жауапты мекемелерге жеткізу бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленген.

Тұрғындар алдындағы жауапкершілік

Мақпал Қарабекова депутат болып сайланған жағдайда, алдағы бес жылда тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізуді жоспарлап отыр.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың әлеуметтік дамуына, инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ету.

 

Дайындаған: “Шу аудандық баспасы” ЖШС

Тапсырыс беруші: Қарабекова Мақпал

Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.