Ақпараттық портал

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Ауылдың экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту және тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті бастамаларға қолдау көрсету, жастардың іскерлік қабілетін шыңдау және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту ерекше маңызға ие. Өйткені кәсіпкерлігі дамыған ауылдың мүмкіндігі де мол, болашағы да жарқын.
Осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Әбу Сағадат Болатұлы Алға және Бірлікүстем ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ауылдық жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, елді мекендерді абаттандыру, жастарды кәсіпкерлікке баулу және тұрғындармен тұрақты байланыс орнату мәселелеріне тоқталды.
Ауыл тұрғындарымен жүздесудің басты мақсаты – халықтың талап-тілегін тыңдау, жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысу, өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру. Себебі ауылдың дамуы ең алдымен сол жерде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан тұрғындардың мүмкіндіктерін кеңейтуден басталады.

Дайындаған: «Шу аудандық баспасы» ЖШС
Тапсырыс беруші: Әбу Сағадат Болатұлы
Сайлауалды үгіт материалы. Қаржыландыру көзі мен төлем туралы мәліметтер ресми құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

Жауап қалдыру

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.