Ақпараттық портал

ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Дүйсенбі күні «Аmаnат» партиясының аудандық филиалында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің аппарат басшысы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізді. Күн тәртібінде «Шу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына мүшелерін сайлау туралы», «Бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы», «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы», «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, алып қойылатын және жойылатын не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылатын және қайта өңделетін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға қайтару жөнінде арнайы комиссияның құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 18 сәуірдегі №26-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2023 жылғы 11 қаңтардағы аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» жалпы саны алты мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі 2-3 мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы С.Сасықбаев баяндады. Төртінші мәселе жөнінде аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Р.Алжанова хабарлама жасаса, 5-6 мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Абай хабарлады.
Сессия барысында күн тәртібіндегі барлық мәселе толықтай қаралып, бірауыздан тиісті шешімдер қабылданды.

«Шу өңірі» ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.