«МАРС» ОПЕРАЦИЯСЫ
«Марс» операциясы – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қызыл Армияның сәтсіз жасалған (жауынгерлердің көп шығынымен) операциясы екені билік тарапынан ұзақ жылдар бойы жасырылып келді. Мұны ірі шабуыл деп бағамдасақ та болады. Соның ішінде оларға қатысқан жауынгерлердің аты-жөні де құпия болып келді. 1980 жылдардың соңына дейін ол туралы бірде-бір кеңес энциклопедиясында айтылмады. Әңгіме тек «нақты нәтиже бермеген» «Ржев-Сычевский бағытындағы шайқастар» туралы болды.
Тізімде 17 есім бар. Біздің парызымыз – марқұмдардың туған-туыстарын табу, отбасы тарихын толтыру, ержүрек ерлердің қазасына байланысты марқұмдардың рухына тағзым ету, өткен шақ пен осы шақтың, ұрпақтардың естелігі мен байланысын сақтау. Осы тұста айта кететін жәйт, Жамбыл облысынан Қызыл Армия жауынгерлерінің қаза болған және жерленген орындарына туған-туыстары барған жағдайда оларға Мәскеу қаласындағы қазақ қауымының өкілдері атынан Асылбек Төлеш есімді азамат жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайын.