Ақпараттық портал

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2023–2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 12798852 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер–3876901 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 160269 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 80000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 8681682 мың теңге.
2) шығындар – 12672312мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 38328 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 155250мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –116922 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 126540 мың теңге,оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 126540 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 126540 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) – -38328 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 38328 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 155250 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 116922 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2023 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі 3594606 мың теңге сомасында белгіленсін.
3. 2023 жылға аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала,ауыл, кент,ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенция көлемі 686017 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
Алға ауылдық округі-37777 мың теңге ;
Ақсу ауылдық округі-32595 мың теңге ;
Ақтөбе ауылдық округі-27634 мың теңге ;
Балуан Шолақ ауылдық округі-27339 мың теңге;
Бірлік ауылдық округі-35252 мың теңге;
Бірлікүстем ауылдық округі-32018 мың теңге;
Далақайнар ауылы -27672 мың теңге;
Дулат ауылдық округі-24031 мың теңге;
Ескі-Шу ауылдық округі-33774 мың теңге ;
Жаңа жол ауылдық округі–29299 мың теңге;
Жаңақоғам ауылдық округі-32773 мың теңге;
Көкқайнар ауылдық округі–28657 мың теңге;
Қорағаты ауылдық округі-32820 мың теңге ;
Қонаев ауылы-41945 мың теңге;
Тасөткел ауылдық округі-25625 мың теңге;
Төле би ауылдық округі-73310 мың теңге;
Өндіріс ауылдық округі-30251 мың теңге;
Шоқпар ауылдық округі-34582 мың теңге;
Шу қаласы-78663 мың теңге.
4. Ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 93000 мың теңге көлемінде бекітілсін.
5. 2023 жылға аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтің бағдарламалары бойынша берілетін трансферттердің бөлінуі Шу ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
6. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Шу аудандық мәслихатының
хатшысы Ж.Әбенов

Leave A Reply

Your email address will not be published.