ТАҒАЙЫНДАУ
Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің және сегізінші шақырылған Шу аудандық мәслихатының
келісімдері бойынша
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес,
ЖӘНІБЕКОВ БАҚЫТЖАН ОРАЗАЛЫҰЛЫ
Шу ауданының әкімі
болып тағайындалды.
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы 1981 жылы Тараз қаласында туған.
2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», 2005 жылы «Әулие-Ата» университетін «Юристік қызмет», 2020 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын «Көлік құрылысы» мамандықтары бойынша бітірген.
2005-2008 жылдары – Жамбыл облысы әкімиятының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің жетекші маманы, бас маманы, 2008-2010 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, 2010-2017 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2017-2018 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.
2018 жылдың қазан айынан Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.