ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жыл ішінде 119 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды. Оның ішінде, 28 іс-шара тізім бойынша өткізілсе, 91 шара жоспардан тыс өткізілді. Оның ішінде, 7-і комитеттің тапсырмасы бойынша, 77-і заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша және 7-і құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша іске асырылды.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 111 нысанда жалпы сомасы 38 828,3 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған. Жекелей айтар болсақ, 4 048,7 млн теңге қаржылық бұзушылықтар, 34 779,6 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде 42 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 19 355,7 млн теңгені құрады.
Бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілуге тиіс 4 048,7 млн теңгеден қолданылған шаралар арқылы 3 173,8 млн теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 78,4 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде мекеме және кәсіпорын басшылары қатарынан 106 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. 37 әкімшілік материал салу 9,3 млн теңге, өндірілгені 9,0 млн теңге, яғни орнын толтыру 96,8 пайызды құрады.
Арыздар және комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарынан жалпы сомасы 1 061,6 млн теңгені құрайтын 9 материал құқық қорғау органдарына жолданды.