Ақпараттық портал

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР

Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында елдің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған әрі тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға қажеттілік барынша айқын болды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Оның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, оның кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.04.2015 жылғы №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 49-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес аудандық орталық аурухананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің басшысы осы жолдар авторы және ҚР ҚМ Мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы У.Шерметовпен бірлесе отырып, аудандық орталық аурухана қызметкерлері арасында семинар өткізді.
Ж.Беймбетова,
аудандық орталық аурухананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің офицері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.