Ақпараттық портал

2023 жылғы қаңтар–қыркүйек айларындағы Шу ауданы бойынша мал шаруашылығының жағдайы

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауданда өндірілген ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы көлемі ағымдағы бағалармен 81431,4 млн теңгені немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 94 пайызды құрады.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте шаруашылықтардың барлық санаттарында тірідей салмақпен 13986,2 тонна мал және құс еті өндірілді немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 102,3 пайызды құрады.
Сауылған сүт 33772,5 тонна, жұмыртқа 8740,9 мың дана өндіріліп, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда тиісінше 1,9 пайызға және 1,4 пайызға өсті. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте әр сауын сиырдан сауылған сүт орта есеппен 1401 келіні, ал мекен тауықтан алынған жұмыртқа 109 дананы құрады.
2023 жылғы 1 қазанға шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ірі мүйізді мал 0,2 пайызға (138 басқа), қой 13,2 пайызға (56195 басқа), жылқы 0,8 пайызға (165 басқа), түйе 19,4 пайызға (18 басқа), үй құстары 0,1 пайызға (101 басқа) көбейді.
Ауданның барлық санаттағы шаруашылықтарында 17508 бас бұзау, 107640 бас қозы мен лақ, 6676 бас құлын алынды.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.