Ақпараттық портал

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен, жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық тәрбиеге негізделген “Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы” атты келелі кездесу өткізілді.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы, “Мерейлі отбасы” республикалық байқауының жеңімпазы, Шу ауданының Құрметті азаматы, меценат Шымшық Мадалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Көрікбайұлы, аудандық аналар алқасының төрайымы Айжан Болатқызы, ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев, қазыналы қариялар және аудан орталығындағы мектептердің оқушылары қатысты.
Кездесу барысында отбасы тәрбиесі, діни тәрбие турасында жастарға өсиет пен өнеге айтылып, мол кеңестер берілді.
Байжан ЖЕЛДЕН.

Leave A Reply

Your email address will not be published.