АҒЫЛШЫН ТІЛІ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазіргі заманда ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді. Шет тілін білу – заман талабы болып, мектептегі маңызды пәндердің біріне айналды десе де болады. Осы ретте Төле би атындағы орта мектепте өткізілген шет тілдері кафедрасының айлығы өз мәресіне жетіп, жетістіктерге де толы болды.
Ағылшын тілі пәнінен мәнерлеп оқу аудандық байқауының жеңімпазы 6-сынып оқушысы Нұрлан Байсибеков бірінші дәрежелі диплом, 7-сынып оқушысы Аруна Төребек lll дәрежелі дипломмен марапатталды. Оларды ағылшын тілі сайысына шыңдаған Гүлжан Өмірбекова, Аида Абдуганиеваның еңбектері орасан зор.
Шет тілдері айлығында Ғалия Абилғазинова, Дана Көкеева, Айнұр Сегізбай, Ұлдана Абиева, Ақзия Бахтыбекова сияқты еңбекқор ұстаздар “Қайырымдылық пен қақтығыстар”, “Болашаққа және қоршаған ортаға көзқарас” сияқты сап түзеген ашық сабақтарды паш етіп, өз істерінің сан алуан әдіс-тәсілдері қырынан тәнті етті.
Ұстаздық еңбекке жаңа қадам басқан жас маман Әділет Мұсаділда түрлі байқауларға белсене араласа жүріп, өзінің әсем, қоңыр даусы, дала үнімен диктор-жүргізушілер сайысында топ жарды. Мектеп осындай дарынды да, қабілетті ұстаздармен толығып, көш басын түзеуде.
Ләззат Оразбаева,
Шу қаласы.
Суретте: Төле би атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің бір топ ұстаздары.