Шу қаласы мен аудан елді мекендерін күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылғы 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін ауданның елді мекендерінде абаттандыру және санитарлық тазалау екі айлығы жариялансын.
2. Күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары осы қаулының №1-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
3. Күзгі тазалық екі айлығының өткізілуін бақылайтын штаб құрамы осы қаулының №2-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
4. Штаб мүшелерінің бөлінісі осы қаулының №2.1-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
5. Арнайы іс-шара жоспары осы қаулының №3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
6. Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері заң талаптарына сәйкес:
1) өздеріне қарасты елді мекендерде күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының іс-шараларын жасап, оны орындау бағытында жұмыстар атқарсын;
2) аулалар маңындағы аймақтарды тазалап ұстауды бақылауға алсын;
3) қала, ауылдық округ қарамағындағы аумақтардың арық жүйелерін және арналарды, тарихи-мәдени ескерткіштерді, зираттар мен мал қорымдарын, қоғамдық орындарды және басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырсын;
4) елді мекендердегі және маңайдағы егілген талдарды, ағаштарды жоюға жол бермеу жөніндегі нақты жұмыстар атқарсын;
5) абаттандыру, көгалдандыру, және санитарлық тазалау жұмыстарының айлықтарына байланысты жұмыстарды атқаруға кең көлемде еңбек ұжымдарын, ауыл тұрғындарын және қоғамдық жұмысқа тартуды жүзеге асырсын;
6) елді мекендерден шығарылатын күл-қоқыстар мен қалдықтарды белгіленген орынға апарылуын қамтамасыз етсін;
7) елді мекендерде қатты қалдықтар төгетін алаңдардың қоршау жұмыстарын ұйымдастырып, оларға баратын көшелерге белгілер орнатсын;
7. Шу қаласы мен ауылдық округтерде орналасқан барлық кәсіпорын, мекемелер, меншік нысанына қарамастан өндірістік және қоғамдық мекен-жайды, кеңсе маңындағы арықтарды тазалау, қоршауларды сырлау, әктеу, жарықтарды ретке келтіру, жарнамаларды, айырымдық белгілерді жаңарту, безендіру, ағаш екпелерін отырғызу, ағаштарды бұтау жұмыстарын ұйымдастырып бақылауда ұстасын.
8. Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімінің бастығы Д.Бекбауов (келісім бойынша):
Жергілікті полиция инспекторларының өз аумақтарында тазалықтың сақталуын бақылауда ұстасын.
9. «Шу аудандық баспасы» ЖШС директор-бас редакторы Е.Қартайған ауданның елді мекендерінде күзгі абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүргізілу барысын әр басылым санында тұрақты жариялауын қамтамасыз етсін.
10. Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдеріне осы қаулының орындалу барысы туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне әр аптаның жұма күндері хабарлама беріп тұру міндеттелсін.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі Б.Джанибеков