Ақпараттық портал

ТӨЛЕ БИДІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Қазақтың қоғам қайраткері, тарихи тұлғасы – Төле би бабамыздың ескерткіш тұғыр тақтасы оның есімін иеленген Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектеп алдында орнықты.
Білім күнін ерекше сән-салтанатымен қарсы алған мектеп ұжымы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге қазығына айналған Төле бидің шешендік нақыл сөздерінен үзінді оқып, әдеби театрландырылған қойылымды паш етті.
Төле би Әлібекұлы ескерткішінің ашылуына атсалысқан аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев, Шу қаласының әкімі Елдос Нұралиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Дурманов пен “Нағыз патриоттар” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Абитаеваға мектеп ұжымы атынан алғыс білдірілді.
Мектеп директоры Ардақ Жаңғарашева құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұстаздары жаңа оқу жылында шәкірттерін сапалы білімге қол жеткізуге уағдаласып, зор қуанышпен қарсы алды.
Ләззат Оразбаева,
Шу қаласы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.