Ақпараттық портал

Сайлауалды семинар

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 қазанындағы №16 қаулысына сәйкес, 2024 жылдың 08 желтоқсанға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихатының №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айының 2-ші жұлдызында Шу ауданы білім бөліміне қарасты Оқушылар сарайында Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен №18 округтік сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту мақсатында «Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Аталған семинар жұмысына Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов қатысты. Семинарға №18 округтік сайлау комиссиясының және 26 учаскелік сайлау комиссияларының толық құрамы, барлығы 183 комиссия мүшелері қатысты. Семинар жұмысын Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ошанов Азамат Серікұлы ашып, сөзді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Стыбаев Бауыржан Шілдебаевичқа берді.
Бірінші бөлімнің басты мәселесі бойынша, сайлау учаскелеріндегі дауыс беру күнгі құжат айналымын реттеу, оның ішінде хаттамаларды және журналдарды, актілерді дұрыс толтыру тәртібімен таныстырды. Келесі кезекте сайлау учаскесінде үй-жайдағы тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шаралары, төтенше жағдайлар туындап қалған жағдайдағы комиссия мүшелерінің әрекеті де қараусыз қалмады.
Екінші бөлімде комиссия мүшелерінің қатысуымен практикалық жұмыстар өткізіліп, кейстік сұрақтарға жауап беру, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Учаскелік сайлау комиссиялары топтарға бөлініп, тәжірибесінде болған оқиғалармен бөлісіп, олардан шығу жолдарымен тәжірибе алмасты.
Семинар барысында Талғат Салқанұлы кейстік сұрақтарда кездесетін жағдайлар бойынша жеке тоқтап, ара-жігін ажыратып, талдаулар жасап отырды. Барлық туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Семинарға қатысушыларды алдағы сайлауды ашық, әділетті өткізуге шақырды.
Азамат Серікұлы семинар жұмысын қорытындылай келе семинарға қатысушыларға, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.