«Біртұтас тәрбие» атаның өсиетін, ананың қасиетін сіңіруге бағытталды
Шерхан Мұртаза атындағы орта мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында 6-сынып жетекшісі, осы жолдар авторының ұйымдастыруымен «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты – болашақ ұрпаққа аталы сөздердің мағынасын түсіндіру. Ата-бабаларымыздан бізге жеткен өсиет сөздерін ұғындыру. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, өсиет сөздерін ұғынуға баулу.
Ашық тәрбие сағатында балалар салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.
Атаулы тәрбие сағатына Тасөткел ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Санабеков қатысты. Атамыз өз сөзінде балаларға тәлім-тәрбие боларлық кеңестерін берді. Бірінші кезекте әр бала оқу-білімге назар салып, уақытын бос өткізбеуі жайлы айтылды.
Ақтолқын Шадыбаева,
Ш.Мұртаза атындағы орта мектептің мұғалімі.