Ақпараттық портал

Облыстық семинар серпіні

Жуырда Төле би атындағы орта мектепте «ЖОО-мектеп коолаборациясы: функционалдық сауаттылық, инновациялық тәжірибе және үздік әдістеме» атты облыстық семинар өтті. Оған Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі, профессор О.Ә.Әліпбеки, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінің ұстаздары қатысты.
«Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын сабақта тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары» атты іс-тәжірибелер оқу құралы жинағы жарыққа шықты.
Білім берудегі жасанды иинтеллект және цифрлық платформаларда тиімді қолдану, сабақ кезеңдерінде қолданылған тапсырмалардың үлгілері енгізілген жинақта ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сабақ үдерісіндегі әдістемелерімен бөліскен ұстаздарға облыстық оқу орталығының сертификаттары табысталды.

Ләззат Оразбаева,
Шу қаласы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.