Ақпараттық портал

Эссе байқауы өтті

Жуырда Әл-Фараби атындағы орта мектепте 10-сынып оқушылары арасында аудандық эссе байқауы өтті. Мақсат – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтап, қызығушылығын дамыту.

Оқушылар өз шығармаларында соғыс жылдарындағы қайғы-қасіретті, азапты күндерді, балалардың қиын тағдырларын, соғыстың ең қатал күндерін, сарбаздардың төзімділігін және жасөспірімдердің соғысқа баруға деген ұмтылысын жеткізді.
Аталмыш байқау нәтижесінде арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды аудан мектептерінің 10-сынып оқушылары яғни, А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясынан Д.Романенко, М.Мақатаев атындағы орта мектебінен Л.Даутан, М.Х.Дулати атындағы орта мектебінен П.Клименко иеленді. Екінші орын М.Мақатаев атындағы орта мектептен А.Ким, М.Х.Дулатұлы атындағы орта мектептен М.Тайбағар, Б.Момышұлы атындағы орта мектептен А.Тұрсынбай, К.Әзірбаев атындағы орта мектептен Ш.Аралбай есімді оқушыларға бұйырды. Ал, Төле би атындағы орта мектеп оқушысы Д.Әлихан, Әл-Фараби атындағы орта мектептен М.Махамматова, №40 мектеп-лицейден И.Арнаутова, Б.Момышұлы атындағы орта мектептен А.Әлиева, А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиядан Д.Иманбай, Д.Қонаев атындағы орта мектептен А.Оразбек, Т.Әшімбаев атындағы орта мектептен Н.Құлжанбай есімді қатысушыларға үшінші орындар бұйырды.

Майра Булекбаева,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.