Ақпараттық портал

Жаратылыстану сауаттылығын физика сабақтарында қалыптастыру

Ағымдағы жылдың 9 мамыры мен 20 маусымы аралығында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Жамбыл облысы филиалы бойынша Кәсіби даму инстиутының ұйымдастыруымен Шу қаласының Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің базасында аға оқытушысы Мирзалиева Эльмира Бексұлтанқызы Шу ауданы физика пәні мұғалімдеріне арналған «Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курс аясында тыңдаушылар физика пәні бойынша білім алушылардың танымдық дағдыларын дамыту мақсатында оқытудағы инновациялар мен заманауи технологияларды қолданып, тиімді оқу сабақтарын жоспарлауда теорияны тәжірибемен ұштастыруды меңгерді.
Курстың практикалық бағыттылығы ерекше атап өтуге тұрарлық. Курс тренері Мирзалиева Эльмира Бексұлтановна тыңдаушыларға жағдаяттық тапсырмалар, нақты мысалдар, тренингтер мен кері байланыс сессиялары арқылы өз тәжірибесін терең саралап, жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп отыр. Курстың ең басты тиімді тұстарының бірі – оның кешенді әрі жүйелі мазмұнында. Қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, нақты әдістемелік құралдармен, электронды платформаларды (SKYmap.ru, LearningApps, Padlet, Jamboard) ұсынды. Бұл – физика пәнінің мұғалімдері үшін практикалық көмек болатын құнды материалдар. Сондай-ақ курс барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолданылатын танымдық тапсырмалардың түрлері: контекстке негізделген тапсырмалар, сараланған тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасады.
Қазіргі замандағы білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың тек білім алуы ғана емес, сонымен қатар олардың ойлау қабілетін, функционалдық сауаттылығын, оның ішінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру. Бұл сауаттылық – оқушының қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, күнделікті өмірде кездесетін табиғи құбылыстарды зерттеп, ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, шешім қабылдау қабілеті. Осы тұрғыда физика пәні – жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Ляззат Алимбекова,
М.Әуезов атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.