Ақпараттық портал

Алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылды «Профилактика жылы» деп белгілеуіне байланысты аталған бағытта аудан аумағында ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегі мен 1-ші қарашасы аралығында Шу аудандық пробация бөлімі қызметкерлерімен аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Участке» атты жедел профилактикалық іс-шараларын өткізіп жатыр.
Аталған шараның басты мақсаты – пробация есебінде тұрған сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу, сот үкіміне сай белгіленген міндеттерді орындау, яғни түңгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін тұрғылықты мекенжайларында болулары, қайта қылмыс жасауға бейімді тұлғаларды психолог маманының көмегі арқылы анықтап, тиісті шараларды қолдана отырып, қоршаған ортаға бейімдеу және олардың түзелуіне оң нәтиже беретін профилактикалық жұмыстарды арттыру болып табылады.

Махабат Сахметова,
Шу аудандық пробация қызметінің
инспектор-психологы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.