Ақпараттық портал

Математика пәнін оқытудағы функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары

8 қыркүйек пен 19 қыркүйек аралығында «Өрлеу» – Жамбыл қызметкері, аға оқытушысы, осы жолдардың авторы Шу ауданының математика пәні мұғалімдеріне «Функционалды математикалық сауаттылық: әдістер мен технологиялар» тақырыбында 80-сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курстың мақсаты – әлемдік стандарттың талаптарын ескере отырып,математика пәні мұғалімдерінің функционалды сауаттылығын дамыту.
Курс барысында тыңдаушылар Халықаралық PISA және Қазақстандық ББЖМ зерттеулердің тапсырмаларына талдау жүргізе отырып, ұқсас тапсырмаларды құрастыруда. Осы зерттеулер негізінде дидактикалық ойындар арқылы математикалық сауаттылықты оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігін бағалауда, материалдарды визуализациялау мен оқытуға ынталандыру үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллект құралдарын қолдануда. Тыңдаушылар берілген тапсырманы жеке орындап, жұппен бөлісіп, топта талқылауға жұдырықтай жұмылды.
Математикалық есептерді шешудің ортақ әдістері мен айырмашылықтарын анықтап, өз тәжірибесімен салыстыруда ұстаздар белсенділігімен көрінуде. Педагогтер курстан алған білімдерін күнделікті өз тәжірибесінде жүзеге асыру үшін, курс барысында алған білімдерін практикада қолдануды жоспарлап, тапсырмаларын енгізіп, өз білім, біліктіліктерін жетілдіруге ынталы екенін көрсетуде.
Іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісуде құштарлықтарын танытқан математика пәні мұғалімдерінің жаңашылдыққа, әдістемелік ілімге деген ынтық сезімдері курстың қызықты да тартымды өтілуіне сеп болғандай. Оған күнделікті жұмыс барысында көз жеткізудеміз.

Парида Каркабаева,
«Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының тренері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.