Ақпараттық портал

ЭССЕ жазудан БАЙҚАУ ӨТТІ

Қазақстан халықтары Тілдері күні мерекесі қарсаңында аудан мектептеріндегі 8-10 сынып оқушылары арасында «Тіл —достықтың негізі» тақырыбында аудандық эссе жазу байқауы өтті.
Бұл іс-шара жас авторлардың жарысы ғана емес, ойдың, мәдениеттің және терең патриотизмнің нағыз мерекесі болды.
Байқауға аудан мектептерінен ойын қағазға әсерлі түсіре алатын қабілетті оқушылар жиналды. Қатысушылар қазақ тілінің тәуелсіздік символы ретіндегі маңыздылығы, ұлтаралық келісімдегі көптілділіктің рөлі, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі жазуы мен мәдениетінің қалыптасуына қосқан үлесі жайында ойларын жаза білді.
Байқау соңында жеңімпаздар өз әсерлерімен де бөлісті:
– Бұл байқау ана тіліне деген құрметімізді арттырды. Мен үшін қазақ тілі — ата-бабаларымның дауысы, бұл менің жеке тарихым, – дейді 9-сынып оқушысы және байқаудың 1-орын иегері.
– Тіл туралы жазу – жан туралы жазу. Мен әр сөзді құрметтеу мен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім, – деп ойымен бөлісті 10 сынып оқушысы әрі байқау жүлдегері.
-Менің ойларым басқаларды шабыттандыратынын бірінші рет сезіндім. Осы тәжірибе үшін рахмет! – деп алғыс білдірді 8 сынып оқушысы.
Қазылар алқасы жұмыстың жоғары деңгейін, пайымдаудың жетілуін және сезімнің тереңдігін атап өтті. Жүлделі орындардың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Ең бастысы, олардың дауысы естілетініне сенім қалыптасты.
Байқаудың басты мақсаты – жазбаша тілді дамыту ғана емес, жастардың бойында мәдени мұраға, өмірін тіл арқылы халықты ағартуға арнаған Ахмет Байтұрсыновтың идеяларына құрмет көрсету болды.

Майра Булекбаева,
Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.