Атқарушылық құжаттарды жүргізудің тәртібі
Заңға сәйкес, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүліктік өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды міндетті және уақытылы қолдану-атқарушылық іс жүргізудың міндеттері болып табылады. Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу кезінде өз мекенжайының ауысқаны туралы сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама сот орындаушысына белгілі соңғы мекенжайға жіберіледі және егер адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмайтын немесе болмайтын жағдайда да жеткізілді деп есептеледі.
Атқарушылық іс жүргізу тараптары:
1. Өндіріп алушы мен борышкер атқарушылық іс жүргізу тараптары болып табылады;
2. Өз пайдасына немесе мүдделеріне атқарушылық құжат берілген жеке немесе заңды тұлға өндіріп алушы болып табылады;
3. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға міндетті жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады;
4. Атқарушылық іс жүргізуге бірнеше өндіріп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық іс жүргізуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзі ғана орындай алатын міндеттер (жеке міндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.
Сот орындаушы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
Е.Кенбаев,
Жамбыл облысы әділет департаментінің
Шу ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы.